Армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде кадеттер мен ұландар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау тақырыбында әңгімелесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру, жеке денсаулығына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ белсенді әрі салауатты өмір салтын дәріптеу болып табылады.

Кездесу барысында қатысушыларға АИТВ жұқпасының берілу жолдары, сақтық шаралары және тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы туралы түсіндірілді.

 

 

 

 

 

 

Мекенжай: 010000, Астана қ. сол жағалау, Қорғалжын тас жолы, 16/1 үй

Кезекшілік бөлімі: +7 (7172) 27-29-91
+7 708 970-38-53
+7 701 674-09-96

e-mail: voencol@mail.kz

Инстаграм: militarycollege