Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыздеген екен. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз.
Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери техникалық мектебі» мекемесінің бас директорының орынбасары, генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің алғашқы мектеп бастығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері полковник Мендыгалиев Асылбек Аманшаұлымен мектептің 20 жылдық мерейтойы қарсаңына «Мықты білім мен табысты өмірдің жолы» тақырыбында кездесу өткізілді.